Тайпақ ауылдық округінің Бағырлай елді мекені аумағында қарасан ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 19 қарашадағы N 32 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қарашада N 7-2-107 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 37 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2010.12.23 N 37 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылғы 18 қарашадағы N 550 актісіне сәйкес, Ақжайық ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 18 қарашадағы Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық округінің Бағырлай елді мекені аумағында қарасан ауруы шығуына байланысты карантин салу туралы N 759 ұсынысын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Бағырлай елді мекенінің аумағында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      3. Шешімнің жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының Тайпақ ауылдық округінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б. Қыдырғожинге ұсынылсын (келісім бойынша), "Тайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мал дәрігері Е. Антазиевке тапсырылып, бақылауды "Тайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы О. Жексенбаевқа тапсырамын.

      Тайпақ ауылдық округі әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы                  З. Гапуова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіп кешеніндегі
      Мемлекеттік инспекция
      комитетінің Ақжайық аудандық
      аумақтық инспекциясы
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығының у.м.а.
      _____________Қ. Қ. Ермұқашев
      22.11.2010 ж.

      ҚР АШМ МИК АӨК Ақжайық
      аудандық аумақтық
      инспекциясының аумақта
      ветеринариялық-санитариялық
      бақылау ұйымдастыру
      бөлімінің бастығы
      _____________А. А. Абуғалиев
      22.11.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады