Құрайлысай ауылдық округінің Жұбан ауылы аумағында Қарасан ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 14 қазандағы N 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қазанда N 7-2-101 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 1 қарашадағы N 3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі әкімінің 2010.11.01 N 3 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып,Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылғы 14 қазандағы N 437 актісіне сәйкес, Ақжайық ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 14 қазандағы Құрайлысай ауылдық округінің Жұбан ауылы аумағында қарасан ауруының шығуына байланысты карантин салу туралы N 659 ұсынысын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округінің Жұбан ауылы аумағында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      3. Шешімнің жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының Құрайлысай ауылдық округінің ветеринариялық–санитариялық инспекторы М. Дүйсенғалиевке ұсынылсын (келісім бойынша),"Құрайлысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мал дәрігері Ш. У. Нургожинға тапсырылып, бақылауды "Құрайлысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Т. М. Макасовқа тапсырамын.

      Құрайлысай ауылдық округінің әкімі А. С. Джумашев

      КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
Мемлекеттік инспекция
комитетінің Ақжайық аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________М. Е. Нысанбаев
14.10.2010 ж.

      ҚР АШМ МИК Ақжайық аудандық
аумақтық инспекциясының
аумақта ветеринариялық-
санитариялық бақылау
ұйымдастыру бөлімінің
бастығы
_____________А. А. Абугалиев
14.10.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады