2010 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 25 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 25 наурызда № 7-4-103 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2011.02.08 № 28 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Р. Карин

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 19 ақпандағы
№ 25 қаулысына
ҚОСЫМША

2010 жылға нысаналы топтарға жататын
адамдардың қосымша тізбесі

      1. Оқу орындарын бітірушілер.
      2. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      3. Жас отбасы мүшелері.
      4. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға үш жыл қалған).
      5. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғанын қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      6. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады