Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылына, Ұзынкөл елді мекеніне карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтық ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 50 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 15 желтоқсанда № 7-4-113 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 53 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің 2010.12.27 № 53 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы ауданының Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық Бас инспекторының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 664 ұсынбасы негізінде, Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылында және Ұзынкөл елді мекенінде ірі қара малдардың аса қауіпті қарасан ауруының таралу эпизоотиялық ошағын оқшаулау және жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылында, Ұзынкөл елді мекенінде ірі қара малдарынан қарасан ауруы шығуына байланысты карантиндік режим мен шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы малдәрігер М. Төлегеновке, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөкейордасы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Р. М. Зұлқашевқа (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық дәрігерлік шараларын уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалап отыруды өзіме жүктеймін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сайқын ауылдық округі әкімі         Ж. Батырханов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бөкей ордасы аудандық
      мемлекеттік санитарлық–
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы
      _____________Рамазанова Света Кадемиқызы
      09.12.2010 ж.

      Бөкей ордасы ауданының
      мал дәрігерлік-санитарлық
      бас инспекторы
      _____________Сұлтанғалиев Жасқайрат
      13.12.2010 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      Комитетінің Бөкей ордасы
      аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      _____________Зұлқашев Рустем Мұлкайұлы
      13.12.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады