Ұзынкөл ауылдық округінің аумағына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы N 73 қаулы. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 2 сәуірде N 7-6-103 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 27.05.2010 № 114 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасы, 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын және 27 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2010 жылғы 25 наурыздағы N 189 ұсынысына сәйкес, құтыру ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округтегі тұрғындарды құтыру ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Құтыру ауруының тіркелуіне байланысты Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылдық округінің аумағына карантин режимін және шектеу іс-шаралары енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша), "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, Ұзынкөл ауылдық округі әкімімен, аудандық ішкі істер бөлімімен (келісім бойынша), Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жәнібек аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру санитарлық және арнайы мал дәрігерлік шараларын уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                         Р. Өтешев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Жәнібек аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________А. Х. Телагисов
      29.03.2010 ж.

      "Жәнібек аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Т. Қ. Мұсағалиев
      29.03.2010 ж.

      Аудандық санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығының
      міндетін атқарушы
      _____________Н. Е. Мустаев
      29.03.2010 ж.

      Жәнібек аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы полиция
      полковнигі
      _____________Т. Ергалиев
      29.03.2010 ж.

      Жәнібек аудандық ветеринария
      бөлімінің меңгерушісі
      _____________М. Қабдысалиев
      29.03.2010 ж.

      Жәнібек ауданы, Ұзынкөл
      ауылдық округінің әкімі
      _____________Н. Елемесов
      29.03.2010 ж.

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 26 наурыздағы
N 73 қаулысына N 1 қосымша

Ұзынкөл ауыл округінде құтырма
ауруының ошағын жою жөнінде шектеу
іс-шаралары

р/с

Іс-шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты адам

1. Ұйымдастыру-шаруашылық шаралар

1

Ауыл шаруашылық малдары, иттер мен мысықтар көрмелерін, ауыл шаруашылық малдары мен иттерді шығару және тасымалдауды жүргізуді тоқтату

Шұғыл түрде шектеу мерзімі аяқталғанша

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Т. Ергалиев, ауылдық округі әкімі Н. Елемесов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі А. Қаратаев, ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық  инспекторының міндетін атқарушы А. Гайсин, аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі М. Қабдысалиев

2

Үй жануарларын сатуды, иттер мен мысықтарды қолайсыз жерден тыс шығаруды және шектеу белгіленген аумақ пен қауіп  төніп тұрған аймақта жабайы аңдарды аулауды тоқтату

Шектеу кезеңінде

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Т. Ергалиев, ауылдық округі әкімі Н. Елемесов, ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының міндетін атқарушы А. Гайсин, аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі М. Қабдысалиев

3

Халық арасында құтырма ауруының қаупі және оның алдын-алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Шектеу кезеңінде

Ұзынкөл ауыл округі әкімі Н. Елемесов, аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығының міндетін атқарушы Н. Мустаев, ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының міндетін атқарушы А. Гайсин, аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі М. Қабдысалиев

4

Иесіз иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын ұйымдастыру

Үнемі

Ұзынкөл ауыл округі әкімі Н. Елемесов

2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар

1

Құтырмаға қарсы егуді қажет ететін адамдарды анықтау үшін қолайсыз елді мекеннің аулаларын тексеру, иттер мен мысықтарды және басқа да үй жануарларын ұстау жағдайын тексеру

Шектеу кезеңінде

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Т.Ергалиев, Ұзынкөл ауыл округі әкімі Н. Елемесов, аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығының міндетін атқарушысы Н. Мустаев, ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының міндетін атқарушы А. Гайсин, аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі М. Қабдысалиев

2

Елді-мекенің жануарларын және ит-мысықтарын нұсқауға сәйкес антирабиялық вакцинамен егу. Еккеннен кейін жануарды 60 күн оқшаулау

Шектеу кезеңінде

Ұзынкөл ауыл округі әкімі Н. Елемесов, ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының міндетін атқарушы А. Гайсин, аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі М. Қабдысалиев

3

Құтырмаға қарсы егілген дені сау малының сүтін 80-850 С-да 30 минут пастерленген немесе 5 миуттай қайнатылғаннан кейін адамдардың тамағына немесе жануарлардың жеміне пайдалануға беру

Шектеу кезеңінде

Ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының міндетін атқарушы А. Гайсин, Ұзынкөл ауыл округінің мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Н. Сальманов

4

Құтырма ауруы бойынша ауру және күдікті жануарлар болған жерлер, түкірікпен және басқа да шығарылымдармен ластанған оларды күту заттары, киім мен басқа да заттарды бұқырлау

Шектеу кезеңінде

Ауылдық округі әкімі Н. Елемесов, ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының міндетін атқарушы А.  Гайсин, Ұзынкөл ауыл округінің мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Н. Сальманов

5

Қолайсыз аумақта жануарлар ауруының соңғы жағдайы күнінен бастап екі ай өткеннен кейін шектеуді алу жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беру


Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығының міндетін атқарушы Н. Мустаев, ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының міндетін атқарушы А. Гайсин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады