И. Жұмаев және Жігер елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы N 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 16 ақпанда N 7-6-99 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып, Тау ауылдық округі И. Жұмаев және Жігер елді мекендері халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. И. Жұмаев елді мекенінің солтүстігіндегі атаусыз көшеге "Қонырат көшесі" және оңтүстігіндегі атаусыз көшеге "Желтоқсан көшесі" атаулары берілсін.
      2. Жігер елді мекеніндегі атаусыз көшеге "Жігер көшесі" атауы берілсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сон заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Тау ауылдық округінің әкімі          Ж. К. Абдолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады