2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2010 жылғы 14 мамырдағы № 76 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 8 маусымда № 7-9-96 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 09.10.2014 № 149 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" N 313 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы (1 қосымшаға) сәйкес бекітілсін. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі (2 қосымша) бекітілсін.
      4. Селолық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақырушыларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етілсін.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қажетті қоғамдық жұмысқа қатысушылармен қамтамасыз етілсін.
      6. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына (келісім бойынша):
      1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжрибелі дәрігер-мамандар, медбикелер бөлсін және қорғаныс істері жөніндегі бөлімді медициналық жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз ету ұсынылсын;
      2) шақыру комиссияларымен емдеу мекемелеріне жіберілген шақырылушылардың стационарлық және емханалық тексерулерін және емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) шақыру пунктінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Аудандық қаржы бөлімі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, азаматтарды әскери бөлімшелерге алдыру жөніндегі шараларды орындауға қатысты шығындарға, аудандық бюджеттен қаралған қаражатын бөлсін.
      9. Аудан әкімінің орынбасары А.Бралиевке осы қаулының орындалуын бақылау жасау жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 15 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Аудан әкімі А. Утегулов

  № 1 қосымша
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 76 қаулысымен бекітілді

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы

      Қожанғалиев Абай Ізімғалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
      Бралиев Абзал Серікұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
      Мүшелері:
      Алтаев Қайырбай Ердосбайұлы - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
      Шамғалиев Нүркен Сағынғалиұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Оразов Нұрлан Жақанұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі комиссия хатшысы

Аудандық медициналық комиссия құрамы:

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер
      Дәрігер-мамандар:
      Хирург
      Көз дәрігері
      Психиатр
      Тіс дәрігері
      Дәрігер-дерматолог
      Дәрігер-невропатолог
      Дәрігер-рентгенолог
      Рентген-лаборант
      Терапевт
      Орта буын медицина қызметкерлері
      Медбике, комиссия хатшысы
      Медбике
      Медбике

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының (резервтік) құрамы

      Елбаев Асқар Амангелдыұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери шақыру бөлімшесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
      Қоламанов Дулат Серікұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
      Комиссия мүшелері:
      Сериков Абылай Серікұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Елеусинова Венера Жаукенқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директорының орынбасары (келісім бойынша)
      Нұрмағамбетов Берік Базаұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы

  № 2 қосымша
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
N 76 қаулысымен бекітілді

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі


Қорғаныс істері жөніндегі бөлім

сәуір

мамыр

маусым

қазақ

қараша

желтоқсан

1
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
16, 17, 21, 22, 23, 24, 28, 29, 30
5, 6, 7, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29
1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 28, 29, 30
1, 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30
1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 29, 30
1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 15, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 27, 28, 29

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады