Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің "Жырақұдық" елді мекенінде карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі N 267 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 17 қыркүйекте N 7-10-90 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 328 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 01.11.2010 № 328 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сырым аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің "Жырақұдық" елді мекенінде ірі қара малдарын құтыру ауруы шығуына байланысты карантин режимін және шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Карантиннің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Қособа ауылдық округінің әкіміне және "Сырым аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Е. Нысанғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы Министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      мемлекеттік инспекциясы
      комитетінің Сырым аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Т. Қобдабаев
      05.09.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады