Талдыбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде N 7-10-80 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына ауылдық округ тұрғындары жиынының хаттамаларын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Талдыбұлақ ауылдық окугіне қарасты Қазақстан, Талдыбұлақ елді мекендерінің көшелерінің атаулары қосымшаға сәйкес берілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі    С. Б. Оразов

Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің
2010 жылғы 1 сәуірдегі
"Талдыбұлақ ауылдық округіне
қарасты елді мекендердің
көшелеріне атаулар беру туралы"
N 4 шешіміне қосымша

Талдыбұлақ ауылдық округіне қарасты

      1. Талдыбұлақ ауылының көшелері:
      1. Сырым Датұлы атындағы көше
      2. Мұстақым Ықсанов атындағы көше
      3. Есмадияр Көрпеев атындағы көше
      4. "Көктөбе" көшесі

      2. Қазақстан ауылының көшелері:
      1. Жаңа мектеп көшесі
      2. Ақтау көшесі
      3. Қазақстан көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады