Тасқала ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы N 5 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 19 ақпанда N 7-11-113 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 ақпандағы N 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.02.29 N 49 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырушы болып белгіленіп, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер бюджеттік мекемелерді қоспағанда меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің барлығы болып айқындалып, әлеуметтік жұмыс орнын ашуды "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен шарттық негізде жүзеге асырады.
      3. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері қамтылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                        Ө. Мырзағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады