Теректі ауданының нысаналы топтарға жататын адамдардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 208 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 10 тамызда № 7-12-94 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2011.02.11 № 50 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауданының нысаналы топтарға жататын адамдардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды алсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ж. Кадыровқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      А. Горобцов

Теректі ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 22 шілдедегі
№ 208 қаулысына қосымша

Теректі ауданының нысаналы топтарға
жататын адамдардың 2010 жылға
арналған қосымша тізбесі

      1. Елу жастан асқан адамдар.
      2. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
      4. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады