Теректі ауданы Шалқар селолық округінің Шалқар елді мекенінде карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы N 427 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қарашада N 7-12-102 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы N 473 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 02.12.2010 N 473 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Теректі аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауданы Шалқар селолық округінің Шалқар елді мекенінде ірі қара малында жұқпалы қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Карантиннің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Шалқар селолық округінің әкіміне және "Теректі аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                      А. Утегулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады