Теректі ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 210 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсанда № 7-12-103 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 68 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2011.04.22 № 68 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Теректі ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Теректі ауданының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2011 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
      4. Селолық округ әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды атқарсын.
      5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. К. Кулбатыровқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      А. Утегулов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Теректі ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Кожангалиев А. И.
      07.12.2010 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Сагинов Д. С.
      08.12.2010 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Мищенко А. А.
      08.12.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады