"Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 наурызда № 6833 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6361 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 351-352 (26195) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесінде:
      1-тармағында «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6319 тіркелген, «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш нысанын, оны толтыру және табыс ету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 2 шілдедегі № 318 бұйрығының 1-қосымшасы болып танылатыннысаны» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нысан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармағының бірінші абзацында «салық төлеушінің салық органына қағаз тасығышта Өтінішті және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттарды табыс еткен күнінен бастап» деген сөздер «салық органына қағаз тасығышта Өтініш және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың:
      бірінші абзацында:
      «5. Белгі қоюдан бас тартқан жағдайда салық органы белгі қою үшін белгіленген мерзімнен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктер, оларды жою, сондай-ақ табыс етілген Өтінішті (Өтініштерді) кері қайтару қажеттігі туралы және жаңа Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (өтініштерді) табыс ету туралы ұсыныс көрсетілген жазбаша түрде растаудан дәлелді бас тартуды жібереді. Дәлелді бас тартумен бір мезгілде салық заңнамасында көзделген камералды бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі.»;
      екінші абзацында «салық төлеушінің салық органына қағаз тасығышта төрт данада Өтінішті және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттарды табыс еткен күнінен бастап» деген сөздер «салық органына қағаз тасығышта төрт данада Өтініштің және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттардың келіп түскен күнінен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацы келесі мәтінде жазылсын:
      «Дәлелді бас тарту нысаны екі экземплярда басып шығарылады. Бұл ретте дәлелді бас тартудың бір экземпляры салық органында қалдырылады, екінші нысаны Өтініштің үш экземплярымен салық төлеушіге немесе оның өкіліне тапсырылады.»
      6-тармағында:
      3) тармақшасында мемлекеттік тілдегі мәтінінде өзгеріссіз қалдырылсын;
      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар декларациясымен бір мезгілде табыс етілген Өтініш(терде)те көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары мерзімінде төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеген;»;
      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) оған байланысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетілген;»;
      7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Өтінішті толтырудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген талаптарға сәйкессіздігі.».
      Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                        Б. Жәмішев

2011 жылғы 25 ақпандағы № 99         
««Салық органдарының импортталған    
тауарлар бойынша жанама салықтардың  
төленуі фактісін растау не растаудан 
дәлелді бас тарту ережесін бекіту    
туралы» Қазақстан Республикасы       
Қаржы министрінің 2010 жылғы         
16 шілдедегі № 348 бұйрығын өзгерістер
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
қаржы министрінің бұйрығына қосымша  

Салық органдарының импортталған    
тауарлар бойынша қосылған құн      
салықтарының төленуі фактісін растау
не растаудан дәлелді бас тарту     
ережесіне қосымша                  

Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салықтарының
төленуі фактісін растаудан дәлелді бас тарту

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 7-тармағының негізінде) _____________________________________________________________________
                     (Салық органының атауы)
Сізге хабарлайды, _____________________________________________________________________
      (Т.А.Ә. немесе салық төлеушінің атауы (салық агенті)
СТН _______________________________________________________ ЖСН (БСН) _____________________________________________________________________
               (болған жағдайда толтыруға жатады)
импортталған тауарлар бойынша тауарларды кіргізу және жанама салықтарды төлеуге (328.00 нысан) Өтініш бойынша қосылған құн салығының төленуі фактісін растаудан дәлелдi түрде бас тарту туралы:

Тауарларды кіргізу және жанама салық төлеу туралы Өтініштің нөмірі және күні:
Нөмірі ____________________________ Күні ____________________________

Тауарларды кіргізу және жанама салық төлеу туралы Өтініштің тіркелу нөмірі: _____________________________________________________________

Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі Декларацияның тіркелу нөмірі: _____________________________________________________

Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі Декларацияның түрлері:_____________________________________________________________

Салық кезеңі: айы ______ жылы _______________

Мына себептер бойынша (тиісті тор көзде көрсетіңіз):
  1  импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі
     тапсырылған Декларациядағы мәліметтер аталған Өтініштегі
     мәліметтермен сәйкес келмеуі, оның ішінде импортталған тауарлар
     бойынша жанама салық жөніндегі Декларация бойынша төлеуге
     есептелген жанама салықтардың сомалары Өтініштегі есептелген
     жанама салықтардың сомасымен сәйкес келмеуі
                                                                  

  2  Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген салық
     төлеушілермен тапсырылған мәліметтер көрсетілген Өтініштегі
     мәліметтермен сәйкес келмеуі
                                                                  

  3  салық органына электронды түрде тапсырылған Өтініштегі
     деректер, көрсетілген Өтініштегі деректермен сәйкес келмеуі
                                                                  

  4  импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың декларациясымен
     бір мезгілде табыс етілген Өтініш(терде)те көрсетілген жанама
     салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық
     мөлшерде төленбеген
                                                                  

  5  салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) оған байланысты
     Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте
     кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету
     жүзеге асырылатын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары
     төмендетілген
                                                                  

  6  импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі
     Декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды кіргізу және
     жанама салық төлеу туралы Өтініштер тізіліміндегі көрсетілген
     Өтініштер санының қағаз тасығышта тапсырылған Өтініштердің
     санымен сәйкес келмеуі
                                                                  

  7  Өтінішті толтырудың Қазақстан Республикасының салық
     заңнамасында көзделген талаптарға сәйкеспеуі
                                                                  

  8  импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі
     Декларациямен бір мезгілде тапсырылған Өтініштердің бірінде
     растаудан бас тарту: ________________________________
                                                                  

      Анықталған бұзушылықтың мәні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Жоғарыда жазылғандардың негізінде, Сізге тауарларды кіргізу және жанама салық төлеу туралы тапсырылған Өтінішті қайтару және жаңа Өтініш тапсыру қажет

Салық органының басшысы
(Басшының орынбасары): ____________________________________ _________
                                     (Т.А.Ә.)                 қолы

М.О.
Салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылғаны (жіберілгені) туралы белгі: ______________________________________________________________
          (салық органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Алғаны туралы белгі: ________________________________________________
            (салық органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады