Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 қарашада № 7297 тіркелді.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесi бекітілсін (бұдан әрі - Әдістеме).

      2. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастыру кезінде Әдістеме ережелерін басшылыққа алсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль және су көлігі департаменті (Б.А.Жансүгіров) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Камалиев

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
Министрінің
2011 жылғы 13 қазандағы
№ 614 бұйрығымен
бекітілген

Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау
жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесi

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.05.2015 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерiн есептеудің бірыңғай әдiстемелік негізін қамтамасыз етуге арналған.

      2. Әдістеме тұрақты республикаiшiлiк (қалааралық облысаралықтан басқа) автомобиль тасымалдарына (бұдан әрі – тасымалдаушылар) қызмет көрсететін барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      Қалааралық облысаралық жолаушыларды тасымалдау тарифін тасымалдаушылар өздігінен бекітеді.

      3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауға тарифтермен байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Жолаушылар мен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы 2000 жылғы 22 ақпандағы № 38 конвенциямен (бұдан әрі – Конвенция), сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттеледі.

2-тарау. Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңы және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделіне сәйкес қызмет көрсетілетін маршруттар бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға өздерінің есептік тарифтерін есептейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қалалық (ауылдық) маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны бес теңгеге еселік сомаға дейін математикалық дөңгелектеумен орташаланған тарифті негізге ала отырып, осы қаланың (ауылдың) барлық маршруттары үшін "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қырқүйектегі Заңының 13-бабымен айқындалған жолаушылардың жекелеген санаттары үшін қолданыстағы жеңілдіктерді ескере отырып, бірыңғай болып белгіленеді.

      6. Анықталған тарифтер және қала маңындағы (жеке елді мекендерге бағдарлануына байланысты) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік маршруттарға арналған тиісті қозғалыс кестесі бойынша аялдау пункттерінің арасындағы арақашықтық негізінде маршруттардың аялдау пункттерінің арасындағы жолаушылардың жол жүру құны белгіленеді және маршруттар бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 тіркелген) (бұдан әрі - Үлгі шарт) ақпаратқа сәйкес жол жүру құнының кестесі (тарифтік кесте) жасалады.

      7. Тұрақты маршруттарда багажды тасымалдау құны тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құнына багажда тасымалдау құнының еселік коэффициенттерін негізге ала отырып, осы Әдістемеге

      2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      8. Тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) осы Әдістемеге 1-қосымшада 2-тарауында және жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты Тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының 4-тарауында көзделген пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының шығындарын ірілендірген есептеу тәртібі тасымалдаушылардың нақты шығындары оларға тәуелді емес баға факторлары бойынша 10%-дан астам өзгерген кезде түзетіледі.

      Жолаушылардың тұрақты маршруттарда жол жүру құны Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жылына кемінде бір рет қайта қаралады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жаңадан ашылған тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру және багажды тасымалдау құны тасымалдаушылармен Үлгі шартқа сәйкес тиісті Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартын жасасу күніндегі қолданыстағы орташаланған тарифті негізге ала отырып белгіленеді.

  Тұрақты маршруттар бойынша
жолаушылар мен багажды
тасымалдау жөнінде қызмет
көрсетуге тарифтер есептеу
әдістемесіне 1-қосымша

Жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.08.2020 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Есептік тарифтерді белгілеу тәртібі

      1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтерді қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделі (бұдан әрі – Модель) тұрақты маршруттардың автокөлік құралдарында жол жүру тарифтерін негіздеу бойынша есептеу технологиясының әдістемелік біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады, бұл есептеулер біріздендірілген мынадай түрдегі экономикалық-математикалық модельдерді қолдану арқылы орындалады:



      формула (1)

      мұнда: Те – осы маршрут үшін есептік тариф;

      Зi – осы Модельдің 2-тарауында белгіленген тәртіппен есептелінетін шығыстардың барлық і-баптары бойынша (отын, электр энергиясы, жанармай материалдары, автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, автошиналарды ауыстыру және жөндеу, жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі операторының қызметі, автокөлік құралдарының амортизациясы, жүргізушілер мен кондукторлардың еңбек ақысы, үстеме шығыстар) осы маршрутқа қызмет көрсетуге арналған тасымалдаушының нормативтік (есептік) шығындарының жалпы жылдық немесе жылдың соңына дейін сомасы;

      Qr нақты – осы Модельдің 3-тарауында белгіленген алдынғы жыл үшін тасымалданған жолаушылардың нақты саны;

      Qr есеп – осы Модельдің 3-тарауында белгіленген алдыңғы екі ай және 12 айға көбейтілетін бір айдағы орташа саны шығарылады, тасымалданған жолаушылардың нақты санына сүйене отырып, болжамдалған жолаушыларды тасымалдау саны;

      Ке – 1,15 тең осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша тасымалдаушы шығындарына есептік рентабелділігі коэффициенті (15% ретінде қолданылады);

      Кққс – 1,12 тең қосылған күн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) (12% ретінде қолданылады);

      ҚҚС коэффициентін айқындау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ҚҚС жарнасы қолданылады.

      ҚҚС коэффициенті тасымалдаушының оның қызметкерлерінің еңбек ақысымен байланысты, сондай-ақ тіркелген активтердің амортизациясымен байланысты шығындарына қолданылмайды. Осындай шығындарға тіркелген активті ҚҚС-ті ескерусіз сатып алуға, оны өндіруге, салуға, монтаждауға және жабдықтауға шығындар жатады.

2-тарау. Пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының шығындарын ірілендірген есептеу тәртібі

      2. Тұрақты автобус маршрутына қызмет көрсетуге шығындардың баптары бойынша нормативтік пайдалану шығыстарының ірілендірілген есептеулері мынадай тәртіпте орындалады:

      1) осы маршрутқа қызмет көрсетуге пайдаланылатын автокөлік құралдарының жалпы жүрісіне есептелген автомобиль отынына/электр энергиясына/газға/сутегіге жұмсалатын шығыстар есептік тарифтерді жүзеге асыру күніне белгіленген қолданыстағы барлық әдістемелерді және 1 литр бензиннің (дизельді отынның, газдың)/1 киловатт электр энергиясының/1 килограмм сутегінің бөлшек құнын ескере отырып, 100 км-ге жұмсалатын отынның электр энергиясының базалық нормасына сүйене отырып белгілейді (осы бөлшек сауда бағасы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тарифті анықтаудың дұрыстығы расталғанға дейін жарамды):

      Зт=0,01 х Lжалпы х (НТ х ЦТ + НЭ х ЦЭ) х КН,

      формула (2)

      мұнда: Зо – автомобиль отыны/электр энергиясы/газ/сутегі шығындары;

      0,01 – 100 км-ден 1 км-ге отын шығындарын есептеу;

      Lжалпы – формула бойынша есептелген маршрутқа қызмет көрсету кезінде автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісі;

      Жазғы және қысқы кезеңдердегі маршрут кестесінің әртүрлі мәндерімен және (немесе) маршрут толық емес күнтізбелік жыл ішінде жұмыс істейді, содан кейін жанармай құны маршрут кестесіне сәйкес жазғы және қысқы жүрістерді ескере отырып анықталады.

      Шығ. жаз = 0,01 х Lж.ж. х НТ х Цл.т. х КНл.

      формула (3)

      Шығ.қыс = 0,01 х Lж.қ. х НТ х Цз.т. х КН з.

      формула (4)

      Шығ. = отын шығ.ж. + отын шығ.қ.

      формула (5)

      мұнда: отын шығ.жаз, - жазғы автомобиль отынының құны;

      Шығ., - қысқы мотор отынының құны;

      Lж.l - жазда автокөліктердің жылдық жүрісі;

      Lж.c. - қыста автокөліктердің жылдық жүрісі;

      KНж., KНқ. - трассадағы (жазғы, қысқы) көлік құралдарын пайдаланудың нақты жағдайлары үшін базалық мөлшерлемеге үстемеақылардың жиынтық коэффициенті.

      НТ - көліктің 100 километріне литр/киловатт/килограммдағы отын шығынының негізгі нормасы;

      Дизель отынын (бензинді)/газды тұтынудың базалық нормасы мен жинақталған үстеме коэффициенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына (бұдан әрі – Отын шығынының нормасы) сәйкес анықталады;

      Электрлік автобустар үшін 100 километрге сағатына киловатт электр энергиясын тұтыну нормасы және ол үшін жалпы қосымша ақы коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады.

      Отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары үшін 100 километрге сағатына килограмм сутегі отынын тұтыну нормасы және ол үшін жалпы қосымша ақы коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады

      Цо – дизельдік отынның (бензиннің)/газдың/электр энергиясының/сутегінің бағасы.

      Дизельдік отынның (бензиннің)/газдың/сутегінің бағасы мына формула бойынша анықталады:



      формула (6)

      мұнда: Мзим., Млето – Ккл (коэффициент климаттық) мәнін анықтайтын Отынды шығындау нормаларының 10-шы кесте бойынша кезеңдер шегінде өңір бойынша анықталған бір жылдағы қысқы және жазғы айлар саны.

      Цз.т., Цл.т. - тариф есептеу күніне отынның дара құны (жазғы және қысқы).

      Жазғы кезеңде тарифті есептеу кезінде өткен қысқы кезеңнің соңғы айында басым болған қысқы отынның 1 литрінің/1 килограммның бөлшек сауда бағасы облыс бойынша отын шығынының құнын анықтайтын 10-кестеге сәйкес кезеңдерде айқындалады. Kcl (климаттық коэффициент), негіз ретінде алынады.

      1 кВт электр энергиясының бағасы тарифті есептеу күніндегі электр энергиясының тарифіне сәйкес қолданылады.

      Маршрутқа отынның әртүрлі түрлері бар автокөлік құралдары қызмет көрсететін және/немесе автокөлік құралдары бір отынның бірнеше көздерін пайдаланған кезде, автомобиль жанармайының жалпы құны осы мәндердің одан әрі қосындысымен отынның әрбір түрі үшін жеке анықталады.

      Lжалпы = Др х (n х lра + lо),

      формула (7)

      мұнда: Lжалпы – автокөліктердің жалпы жылдық жүгірісі;

      Др – маршруттың бір жылдағы қызмет көрсету күндерінің саны (жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршрут кестесіне сәйкес айқындалады);

      n – маршрут бойынша күндізгі сапарлар саны (демалыс, мереке, жұмыс күндеріне байланысты жылдағы бару жол ының айырмашылығымен, жылдың маусым дылығымен, олардың орташа мәні алынады;

      lра – маршруттағы рейстер айналымының арақашықтығы, км;

      lо – күн сайынғы нөлдік жүріс, км.

      Жұмыс күндері, демалыс және мереке күндеріндегі маршрут сипаттамаларының көрсеткіштерінің әртүрлі мәндері болған жағдайда, автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүгірісі осы мәндердің қосындысымен жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері үшін бөлек анықталады.

      2) майланатын материалдар шығыстары автомобиль отын шығыстарынан 10%-на тең:

      Зжм = Зо х 0,1

      формула (8)

      мұнда: Зжм – жанар-жағармай материалдарының шығындары;

      Электр-бустар, отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары үшін майлау материалдарының құны Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады;

      3) жөндеу жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар автокөлік құралдары құнынан 5% (пайдалану мерзімі 1 жылға дейінгі автокөлік құралдары үшін), 10% (пайдалану мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі автокөлік құралдары үшін), 15% (пайдалану мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейінгі автокөлік құралдары үшін) және 20% (пайдалану мерзімі 7 жылдан астам автокөлік құралдары үшін) ретінде қабылданады. Бұдан:

      Зжт = Крт х Ам х Кр х Ц,

      формула (9)

      мұнда: Зжт – жөндеу жұмыстарына және техникалық қызмет көрсетуге шығындар;

      Крт – автокөлік құралдарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

      Ам – кесте бойынша маршрутқа бір күнге автокөлік құралдарының саны;

      Жұмыс күндері, демалыс және мереке күндеріндегі кестеге сәйкес маршруттағы тәуліктік автокөлік құралдары санының әртүрлі мәндерімен олардың орташа мәні алынады.

      Кр – автокөлік құралдары резерві коэффициенті (маршрутқа бекітілген автокөлік құралдарының жалпы санының 1,2 ге тең шығынды есептеу үшін алынған кесте бойынша маршрутқа жөнелтілетін автокөлік құралдарының санына қатынасы;

      Ц – маршрут бойынша тіркелген автокөлік құралдарының орташа құны, теңгемен.

      Өндірушіден немесе ресми дилерлер арқылы сатып алынған жаңа автокөлік құралдары үшін бұл сатып алу күнінен бастап үш жылға дейінгі сатып алу құны болады.

      Өндірушіден немесе ресми дилерлер арқылы сатып алынған автокөлік құралдарын қайта бағалау оларды бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар сатып алған күннен бастап үш жыл өткен соң жүргізіледі.

      Қайталама нарықта сатып алынған автокөлік құралдары, сондай-ақ жалға алынған автокөлік құралдары үшін – бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар айқындайтын орташа нарықтық құн.

      Бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар айқындаған автокөлік құралдарының құны ол анықталған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады;

      Электр-бустар, отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары үшін жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыстары Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады;

      4) маршруттағы автокөлік құралдарының жылдық жүрісі үшін шиналарды пайдалану шығындары формула бойынша анықталады:



      формула (10)

      мұнда: Зш – автошинаға шығындар;

      Цш – шинаның бір жинағын (шина, түтік, жиек таспасы) есептеу кезінде теңгемен сатып алу бағасы (осы сатып алу бағасы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тарифті анықтаудың дұрыстығы расталғанға дейін жарамды);

      m – көліктегі дөңгелектер саны (қосалқы доңғалақсыз).

      Lжалпы – маршрутқа қызмет көрсету кезінде автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісі;

      ш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасы Отын шығысының нормасына сәйкес анықталады, км;

      Кш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасын түзету коэффициенті отын шығысының нормасына сәйкес анықталады;

      Электр-бустар, отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары автошиналарының жүрісі үшін жұмыс нормаларын түзету коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады;

      5) маршрутта бекітілген автокөлік құралдары бойынша амортизациялық аударымның жылдық сомасы олардың жалпы жүрісіне есептегенде мынаған тең:

      За = 0,15 х Ам х КР х Ц,

      формула (11)

      мұнда: За – амортизация шығындары;

      0,15 – автокөлік құралдары үшін амортизациялық аударым мөлшерлемесі 15% (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация болып табылатын лизинг алушыдан алынған автокөлік құралдарын қоспағанда, жалға алынған автокөлік құралдарына қолданылмайды);

      Кр – автокөлік құралдары резервінің коэффициенті;

      Ц – маршрутта тіркелген автокөлік құралдарының орташа құны, теңгемен;

      Өндірушіден немесе ресми дилерлер арқылы сатып алынған жаңа автокөлік үшін бұл сатып алу күнінен бастап үш жылға дейінгі сатып алу құны болады.

      Қайталама нарықта сатып алынған автокөлік құралдары үшін – бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар анықтайтын орташа нарықтық құн.

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болып табылатын жалға алушыдан алынған автокөлік құралдарын қоспағанда, жалға алынған автокөлік құралдарының амортизациялық аударымдары есептелмейді.

      6) маршрутқа қызмет көрсету бойынша жүргізушілер мен (және) кондукторлардың (автокөлік құралдарының экипаждары) жалақысының жалпы жылдық сомасы мынадай формула бойынша анықталады:

      Зжа = (Мр Х (ZВ х Nв + ZК х Nк) х Ам х К)х1,2

      формула (12)

      мұнда: Зжа – жалақы шығындары;

      Мр – бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілетін айлардың саны (жыл бойы және күнделікті жұмысымен Мр = 12);

      ZВ – көлік құралы жүргізушісінің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасындағы немесе көлік және қойма шаруашылығы саласындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда) деңгейіне қатысты белгіленеді, мұнда өтінімдерді берудің алдындағы тоқсандағы статистикалық деректер негізінде тасымалдаушы тіркеледі.

      ZК – кондуктордың орташа айлық жалақысы жүргізушінің жалақысының 70% деңгейінде белгіленеді;

      Nв (Nк) – маршрутта әр автокөлік құралдарына бекітілген жүргізушілердің (кондукторлардың) нормативтік саны;

      К – тасымалдаушының есептік деректерімен расталған сомада еңбек жалақысы мен қызметкерлерді сақтандыруға әлеуметтік есептеуін есепке алатын коэффициент.

      1,2 – аурулық, еңбек, бала күтімі демалыстарындағы, оқудағы жұмысшылардың есептеулерін ескеретін түзету коэффиценті;

      Жүргізушілерге және (немесе) кондукторларға жалақы төлеу фактісі қызметкерлерге еңбекақы төлеу туралы актінің үзінді көшірмемен расталады.

      7) үстеме шығыстардың нормативті сомасы осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша шығындардың тікелей баптарының жиынтық сомасының пайызын құрайды және мына формула бойынша айқындалады:

      Зү = П (Зт + Зжм + Зжт + Зш + За + Зжа)

      формула (13)

      мұнда: Зү – үстеме шығыстар шығындары,

      П – үстеме шығыстардың нормативті сомасының пайызы үстеме шығыстарды есептеу сомасының расталатын көлеміне қарай 15%-дан бастап 20%-ға дейін құрайды.

      Үстеме шығыстарды есептеу сомасы:

      өндіріс шығындарына жататын салықтар мен алымдарды (әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік салықты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды, қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығын қоспағанда);

      автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, сондай-ақ жүргізушілердің және (немесе) кондукторлардың өмірін сақтандыруға арналған шығыстарды;

      автокөлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуге арналған шығыстарды;

      тасымалдаушының балансында тұрған және тасымалдау процесіне тартылған өндірістік-техникалық базаның әкімшілік ғимараттары мен объектілерінің (жабық автотұрақ, тазалау-жуу кешені, өндірістік алаңшалар мен цехтар) коммуналдық төлемдеріне арналған шығыстарды;

      тасымалдаушының балансында тұрған және қалалық және қала маңындағы тасымалдау процесіне тартылған өндірістік-техникалық базаның әкімшілік ғимараттары мен объектілері (жабық автотұрақ, тазалау-жуу кешені, өндірістік учаскелер мен цехтар) бойынша амортизацияға арналған шығыстарды;

      ауданаралық (қалаішілік облысішілік) және ауданішілік маршруттарда тасымалдау процесіне тартылған өндірістік-техникалық базаның (жабық автотұрақ, тазалау-жуу кешені, өндірістік учаскелер мен цехтар) әкімшілік ғимараттары мен объектілері бойынша амортизацияға арналған шығыстарды;

      тасымалдауды ұйымдастыруға тартылған тасымалдаушы қызметкерлерінің (механик, медицина қызметкері, диспетчер) еңбекақысын қамтиды.

      Үстеме шығыстарды есептеу сомасы тек қана әлеуметтік маңызы бар маршрутқа қызмет көрсетуге қолданылады, ол бойынша есептік тариф белгіленеді.

      Тасымалдауды ұйымдастыруға тартылған тасымалдаушының қызметкерлеріне (механик, медицина қызметкері, диспетчер) еңбекақы төлеу қызметкерлерге еңбекақы беру ведомосінен үзінді көшірмемен расталады.

3-тарау. Жолаушыларды тасымалдау санын жалпы жылдық және жылдың соңына дейінгі (болжанатын) ірілендірілген есептер тәртібі

      4. Айлар бойынша есептеуден шығатын жолаушыларды тасымалдау санын жалпы жылдық (болжанатын) ірілендірілген есептер мынадай тәртіпте орындалады:

      1) жаңадан ашылған тұрақты маршрут бойынша жолаушылар ағынының болжамды көлемі (саны) екі ай ішінде жолаушыларды нақты тасымалдаған санының нәтижелері бойынша айқындалады және формула бойынша айқындалады:

      Qr.есеп = (Q 2ай/2) х 12;

      формула (15)

      мұнда: Qr.есеп – маршруттағы жолаушылар тасымалының жалпы болжамды жылдық көлемі;

      Q3ай – 2 айдағы нақты тасымалданған жолаушылар саны;

      12 – жылдағы айлар саны;

      2) қолданыстағы маршруттағы бір жылда тасымалданған жолаушылардың болжамды көлемі (саны) аталған маршрут бойынша өткен жылдың тасымалданған жолаушылар көлеміне сүйене отырып анықталады және

      Q r.нақты ретінде пайдаланылады.

      Алынған нәтиже тұрақты маршрут автобусында жолаушылар жүрісіне тарифті есептеу формуласына (1) ұсынылады.

4-тарау. Есептік тарифті анықтау кезінде пайдаланылатын материалдар және ақпарат

      5. Маршрут бойынша бастапқы деректер:

      1) жүрудің бастапқы және соңғы пункті бойынша маршруттың нөмірі мен атауы;

      2) маршруттардағы тікелей (алымындағы) және кері (бөліміндегі) бағыттардағы маршрутаралық пункттердің саны;

      3) маршруттың тікелей және кері бағыттардағы ұзақтығы;

      4) маршруттағы тікелей және кері бағыттардағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығы;

      5) жұмыс күндері, демалыс және мереке күндеріндегі бару саны;

      6) рейстер айналымын орындауға арналған кесте бойынша уақыт;

      7) жолаушылар ағыны (есептеу, болжам бойынша);

      8) маршруттағы жұмыстың басталуын және аяқталуын көрсетумен жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша жұмыс істеу уақыты;

      9) жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша маршруттағы автокөлік құралдарының саны;

      10) маршруттағы жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша автокөлік құралдары қозғалысының аралығы;

      11) маршруттағы жолаушылардың отыруы үшін және жалпы орны бойынша автокөлік құралдарының паспорттық сыйымдылығы (жинақтаушы алаңның сыйымдылығын ескере отырып);

      12) автокөлік құралдарының маркасы (маршруттар тізіліміне сәйкес).

      6. Тасымалдаушы маршрут бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы растаушы құжаттарды пайдаланады:

      1) билеттерді өткізу бойынша есеп;

      2) жолаушыларды тасымалдаудан түсетін қаржылық қаражаттар туралы есеп.

  Тұрақты маршруттар бойынша
жолаушылар мен багажды
тасымалдау жөнінде қызмет
көрсетуге тарифтер есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

Тұрақты маршрутта багаж тасымалдау құнының жолаушыларды тасымалдау құнына еселік коэффициенттері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.08.2020 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдаудың тұрақты маршрут түрі

Жолаушыларды тасымалдау құнына багаждың бір орны үшін тарифтің еселігі

Қалалық

1,0

Қала маңылық

0,2

Ауданішілік және ауданаралық (облысішілік қалааралық)

100 километрге дейін

0,2

500 километрге дейін

0,15

500 километрден жоғары

0,10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады