Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-4 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 қазанда № 1-3-162 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 мамырдағы № С3-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 05.05.2016 № С3-2 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабы 5 тармағына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмек "Қазпошта" акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының Ақкөл аудандық пошта байланысы торабындағы алушының есеп шотына ақшаны аудару жолымен жүзеге асырылатындығы ескерілсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақкөл аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
А.Мананбаева
      Ақкөл аудандық
мәслихат хатшысы
Ю.Ужакин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақкөл ауданының әкімі А.С.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады