2012 жылғы қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Атбасар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 22 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 желтоқсанда № 1-5-172 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 01-359 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 26.03.2013 № 01-359 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылғы қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Атбасар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі                    Р. Әубәкіров

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы
      Атбасар қаласының
      қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж. Қарқынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады