Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу және базалық ставкалар мөлшерін ұлғайту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 4С-40/3 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 қаңтарда № 1-7-144 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 20.06.2017 № 6С-12/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай базалық ставкалар мөлшері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Макинск қаласы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалары қолданылатын Бұланды ауданының жақын жатқан елді мекені болып белгіленсін.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 40 – сессияның
төрайымы
Қ.Тәшімова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
П.Веселов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
      "Бұланды ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
О.Әбілдин

  Бұланды аудандық мәслихатының
2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 4С-40/3
шешіміне 1-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттар

1.

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2.

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

  Бұланды аудандық мәслихатының
2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 4С-40/3
шешіміне 2-қосымша

Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай салықтың базалық ставкалары

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары

Базалық ставканың ұлғаюы

1.

1 санат

5,02

он есе

2.

2 санат

5,02

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады