2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № а-3/97 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 31 наурызда № 1-9-173 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 07-20/1602 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2014 № 07-20/1602 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 250 қаулысына сәйкес, Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақмола облысы, Ерейментау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақырылудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ, сондай-ақ оқу орындарынан босатылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақырылу бойынша белгіленген мерзімді әскери қызметін атқармаған он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтардың 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы құрылсын және бекітілсін (1 қосымша).
      3. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізудің кестесі бекітілсін (2 қосымша).
      4. Ерейментау ауданы әкімдігінің «2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2010 жылғы 05 мамырдағы № а-5/222 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-9-154 тіркелген, 2010 жылдың 26 маусымдағы «Ереймен» аудандық газетінде, 2010 жылдың 26 маусымдағы «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары С.Қ. Көшкінбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Мыңжанов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы
      «Ерейментау орталық аудандық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынның бас дәрігері                  Б.М.Мирманов

      «Қазақстан Республикасының ішкі істер
      министрлігі Ақмола облысының ішкі
      істер департаменті Ерейментау
      ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.К.Шарипов

      «Ақмола облысы Ерейментау ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі бастығы               Д.Б.Дильдибаев

1 қосымша
Ерейментау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ а-3/97 қаулысымен бекітілген

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Дильдибаев
Дулат Бакирович

«Ақмола облысы Ерейментау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

Ахмедьярова
Камиля Дюсенбаевна

Ерейментау ауданы «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ

Омаров
Әсет Әлиевич

«Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Филяровская
Валентина Бартоломеевна

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ерейментау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігерінің орынбасыры, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Алимбетова Шолпан Сулейменовна

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ерейментау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

2 қосымша
Ерейментау ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 наурыздағы
№ а-3/97 қаулысымен бекітілген

Мерзімді әскери қызметке азаматтардың жүргізу кестесі

Аттары

Комиссия жұмыстарының күндері


01.04


04.04


06.04


08.04


12.04


14.04


20.04


28.04


04.05

1

Ерейментау қ.





50

50



30

2

Олжабай батыр ауылы

11

13







7

3

Бозтал ауылы







12


13

4

Звенигородка ауылы


12


16



8



5

Куншалған ауылы

8


6







6

Новодолинка ауылы

6


8







7

Новомарковка ауылы


12


16






8

Павловка ауылы



23




15



9

Төрғай ауылы


13





10

8


10

Өленты ауылы




10




8


11

Бестоғай ауылы

6


7







12

Изобильный ауылы

14







15


13

Селеты ауылы




8



5

7


14

Қойтасс ауылы

5


7







15

Ақмырза ауылы








12



Барлығы:

50

50

50

50

50

50

50

50

50

кестенің жалғасы



12.05


19.05


02.06


30.06


03.10


05.10


07.10


11.10


13.10


19.10


21.10


26.10


03.11


10.11


24.11


01.12


23.12

50


50










30



15

50




7


15





25



8













12

10



11


6





20


15


18






12


7







10


12








8







10


9











10








18

15



8


7



18


12





24

20



20








11




11






11

13









14


8






10




9







12



13




7








15





14



8














15



9




8





9


6






5




5





12





8



5



50

50

50

50

50

50

50

50

50

50

50

50

50

50

50

50

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады