2011 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 56 қаулысы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 мамырда № 1-15-164 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 665 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 10.04.2013 № 665 хатымен.

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылда Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) туберкулездiк, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының ауруларымен ауыратын тұлғалар, адамның иммун тапшылығының вирусын жұқтырған тұлғалар, иммун тапшылығы синдромын жұқтырған тұлғалар;
      4) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі өткен тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданының әкімінің орынбасары С.Қ. Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын ауданының әкімі                  С.Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады