Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 30/2 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 қаңтарда № 1-16-141 тіркелді

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012.08.08. № 6/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережелерінің 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алу үшін немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012.08.08. № 6/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Г.Лотц

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ш.Сабержанов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

      «Сандықтау ауданының
      экономика және қаржы
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Н.Мурашиди

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады