Алға ауданында мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 01 шілдедегі № 239 қаулысы. Ақтөбе облысы Алға ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 шілдеде № 3-3-129 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 548 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2012.12.28 № 548 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабының 5-2, 5-5, 5-6 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алға ауданында мүгедектер үшін, жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрген кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тұрғылықты мекен-жайына қарай мекеме, кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға ықпал ету қала және селолық округ әкімдеріне жүктелсін.
      3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы А.Нұржанға жүктелсін.
      4. Алға ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі «Алға ауданының мүгедектері үшін 2010 жылға жұмыс орындарына квота бекіту туралы» № 122 қаулысы (нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-108 болып тіркелген, 18.05.2010 жылғы «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 26 санында жарияланған) күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                          Қ. Сәрсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады