Жарқамыс ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда № 3-4-125 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 12.11.2014 № 26 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 31.07.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде "селолық" сөзі "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 31.07.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жарқамыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жарқамыс ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне келесідей атаулар берілсін:

      Жарқамыс ауылында:

      1) Жағалау

      2) Орталық

      3) Бәйге төбе

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 31.07.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ақтам ауылына

      1) Орталық

      2) Ақжар

      3) Жағалау

      3. Қаражар ауылына

      1) Мәссағат

      2) Орталық

      3) Жағалау

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарқамыс ауылдық округінің әкімі: С.Ә.Дербісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады