Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 187 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 22 тамызда № 3-7-129 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 215 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2012.10.01 № 215 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Белгілі санаттардағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғаларға үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,3 пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

      2. Белгілі санаттардағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен – жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету ауылдық округі әкімдеріне жүктелсін.

      3. Осы қаулыдан туындайтын іс – шараларды ұйымдастыру "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің бастығы Ж. Ерғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусіноваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

А. Жүсібалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады