Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жағабұлақ ауылындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 23 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 қарашада № 3-9-151 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 28.11.2014 № 16 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 28.11.2014 № 16 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 1 тармағы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 28.11.2014 № 16 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес жіне Жағабұлақ ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімінің 24.03.2017 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жағабұлақ ауылындағы атаусыз көшелеріне Саға, Жеңістің 40 жылдығы және Мектеп көше атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Батпақкөл ауылдық округі әкімі Ж.С.Алданиязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады