2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған азаматтарды Хромтау ауданының шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қаңтарда № 3-12-141 тіркелді. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1308 хатымен.

      Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012.10.16 № 1308 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы" қаулысын орындау үшін аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 1995 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар тіркеуден әртүрлі себептермен өтпеген, жас мөлшері 17 жастан асып кеткен азаматтарды Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.

      2. Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А.М. Құмаров, келісім бойынша):

      1) осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;

      2) осы шешімнің орындалуы жөніндегі ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2012 жылдың 25 наурызға дейін беру ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Б. Ельдесовке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі:

А.Усмангалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады