Қаратоғай ауылындағы көшеге Молдағазы Айтасов есімін беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 қыркүйекте № 3-13-157 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосындағы" сөздері "ауылдық", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 24.11.2014 № 07 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 13.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4-тармақшасына және Қаратоғай елді мекені тұрғындары конференциясы хаттамасына сәйкес Шетырғыз ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қаратоғай ауылындағы көшеге Молдағазы Айтасов есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шетырғыз ауылдық округінің әкімі: Ж. Табынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады