Ақсу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 53-316 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 29 желтоқсанда N 2-4-143 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 қарашадағы N 8-67 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 05.11.2012 N 8-67 шешімімен. 

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына және Ақсу ауданы әкімінің 2011 жылғы 02 желтоқсандағы N 01-12/1611 ұсынысына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Ақсу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік–мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына" жүктелсін.
       3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Досмұханбетов

      Мәслихат хатшысы                           С. Серпербаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақсу аудандық экономика,
      бюджеттік жоспарлау және
      кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Жандосова Гүлнара Жандосқызы
      05 желтоқсан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады