Алакөл ауданы Жанама ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 23 тамыздағы N 13 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 02 қыркүйекте N 2-5-153 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкімінің 28.11.2011 № 19 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына және 2011 жылғы 12 мамырдағы N 13 Алакөл аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Жанама ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жанама ауылдық округінің Жанама елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жанама ауылдық округінің бас маманы Керімбай Сәметұлы Актымбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жанама ауылдық


округінің әкімі:

Қ. Мухаметкалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады