Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 202 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 16 тамызда N 2-12-176 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қарашадағы N 312 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық әкімдігінің 15.11.2011 N 312 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2011 жылғы 10 мамырдағы N 114, 2011 жылғы 16 мамырдағы N 149 және 2011 жылғы 17 мамырдағы N 143 сараптамалары, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2011 жылғы 27 мамырдағы N 289 ұсынысы негіздерінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Елтай ауылдық округінің "Сарыбұлақ" ауылында, Балпық ауылдық округінің "Оян" ауылында және Қаңбақты ауылдық округінің "Алмалы" ауылында ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Медеуов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіп кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Қаратал аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Нұрәділ Нұрқасымұлы Бекбосынов
      25 шілде 2011 жыл

      Қаратал ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының
      бастығының міндетін атқарушы               Ольга Сергеевна Пригоровская
      25 шілде 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады