Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 02 наурыздағы N 61 қаулысы. Алматы облысы Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 наурызда N 2-15-101 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09 ақпандағы N 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 09.02.2012 N 22 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерді тең құқықтарымен қамтамасыз ету мақсатында аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп аудан Әкімдігі қаулы етеді:
      1. Райымбек ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін арнайы орындар 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Райымбек ауданы бойынша аудандағы селолық, поселкелік округтарында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде 2 қосымшаға сәйкес үй-жайлар белгіленсін.
      3. Райымбек ауданы мен селолық, поселкелік округ әкімдері учаскелік сайлау комиссиясымен бірлесе отырып стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Нурдавлетовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             А.Айтжанов
 

Райымбек аудан Әкімдігінің
2 наурыз 2011 жылғы
«Үгіт баспа материалдарын
орыналастыру үшін орын
белгілеу туралы»
№ 61 қаулысына 1 қосымша

Райымбек ауданы бойынша үгіттік баспа
материалдарды аудандағы селолық,
поселкелік округтарында орналастырудың арнайы орындары

Райымбек ауданымен селолық, поселкелік округтар

Орналастыратын жер

Көше атауы

1

Алғабас селолық округі

Жаңаталап елді мекені, мәдениет үйінің алды.
Жіңішке ауылы, Жіңішке орталау мектебінің алды.
Алғабас ауылы, бастауыш мектептің алды.

Ботыбаев көшесі, № 12
Молдасанов көшесі № 18
Оразалиев көшесі, № 15

2

Бөлексаз селолық округі

Бөлексаз ауылы «Жанай», «Мирас», «Рахат» дүкендерінің алды /келісіммен/

Ә.Күлшашарұлы көшесі, № 16 Р.Жанбабақызы көшесі, № 22

3

Жалаңаш селолық округі

Жалаңаш селосы, бұрынғы авто бекет, Жалаңаш селосы «Ринат» дүкенінің қабырғасы /келісіммен/.
Тоғызбұлақ ауылы, Тоғызбұлақ амбулаториясының қоршауы.
Жайдақбұлақ ауылы З.Тоқтамысованың тұрғын үйінің қоршауы. /келісіммен/

Байғабылов көшесі № 59
Жүнісов көшесі, № 12
М.Сыбанқұлов көшесі, № 7
Ш.Уалиханов көшесі, № 20

4

Жамбыл селолық округі

Жамбыл селосы, «Қайрат» дүкені /келісіммен/.
Қаратоған ауылы «Ләззат» дүкені. /келісіммен/

С.Әшімбаев көшесі, № 104
Н.Өмірзақов көшесі, № 51

5

Жылысай селолық округі

Жылысай ауылы, «Ақбота» дүкені /келісіммен/
Мойнақ ауылы, «Жеңіс» дүкені /келісіммен/
Шыбышы ауылы клуб алды

Әлмерек Абыз көшесі, 46
Майемгенов көшесі, № 8
Батырбеков көшесі № 17

6

Қайнар селолық округі

Қайнар селосы Мәдениет үйінің алды

Омар көшесі,
№ 13

7

Қақпақ селолық округі

Қақпақ селосы «Диана» дүкенінің алды. /келісіммен/
Көкбел ауылы «Самал» дүкенінің алды. /келісіммен/

Монай-Мұқан көшесі, № 23
Жамбыл көшесі, № 24

8

Қарабұлақ селолық округі

А.Нүсіпбеков ауылы, мәдениет үйінің алды.
Қарабұлақ ауылы байланыс бөлімшесінің алды

Матаев көшесі, № 6
Бөлтірік көшесі № 16

9

Қарасаз селолық округі

Қарасаз ауылы мәдениет үйінің алды
Тұзкөл ауылы, Т.Мұсақұлов атындағы орта мектебінің алды.

Ә.Дөненбаев көшесі, № 1
Сұраншы көшесі, № 16

10

Қарқара селолық округі

Қарқара ауылы, тойхана және «Назерке» дүкенінің алды. /келісіммен/.
Ереуіл ауылы ФАП-тың алды алды.
Мыңжылқы ауылы, Мыңжылқы ФАП-тың алды.

Жандосов көшесі, № 28
Ереуіл көшесі, № 10
Мыңжылқы ауылы, Мыңжылқы ФАП-тың алды.

11

Кеген селолық округі

Кеген селосында авто бекет, орталық мешіт.
«Айгүл» сауда үй /келісіммен/. Түменбай ауылы, ауылдың кіре берісінде.
Темірлік ауылы, Темірлік ФАП-тың алды.

Райымбек көшесі, № 2
Момышұлы көшесі, № 1.
Түменбай ауылы, ауылдың кіре берісінде.
Темірлік ауылы, Темірлік ФАП-тың алды.

12

Нарынқол селолық округі

Нарынқол селолық әкімшілік, селолық мәдениет үйі, селолық аурухана,пошта байланыс торабының алды.
Қостөбе бастауыш мектебінің алды.

Өмірзақов көшесі № 16
Центральная көшесі, № 1

13

Сарыжаз селолық округі

Сарыжаз ауылы, Сарыжаз мәдениет үйі.
Сарыжаз орта мектебі, пошта байланыс торабының алды.
Көмірші ауылы, Көмірші орта мекетебі, ФАП, «Әлия» дүкенінің алды. /келісіммен/, Ақбейіт ауылы, № 8 Кәсіптік техникалық лицей.

Әбдіразақ көшесі,№ 12
Хангелді көшесі № 20
Көмірші ауылы, Көмірші орта мекетебі, ФАП, алды.
Ақбейіт ауылы, № 8 Кәсіптік техникалық лицей.

14

Саты селолық округі

Саты ауылы «Лаура» дүкені /келісіммен/, мәдениет үйі, «Көлсай көлдері» МҰТП ММ-нің алды. Күрметі ауылы қонақ үйдің алды.

Қ.Ұлтарақов көшесі бойында.

15

Сүмбе селолық округі

Сүмбе ауылы, Абай орта мектебі, пошта байланыс бөлімшесі, әкімшілік ғимаратының алды, «Шынар» дүкені, /келісіммен/. Қ.Байшығанұлы атындағы орта мектеп алды Абай көшесінде орналасқан жеке кәсіпкерлер дүкендерінің алды.
Қызыл Шекара ауылы, пошта байланыс бөлімшесі, Бегдайыр көшесінде орналасқан «Олжас» дүкенінің алды. /келісіммен/

Бекдайыр көшесі, № 21
Абай көшесі,
№ 6
Манамбаев көшесі, № 17

16

Тасашы селолық округі

Тасашы ауылы, мәдениет үйінің, Тасашы орта мектебінің алды. Ақтасты ауылы, орталық клуб үйінің алды

Райымбек көшесі № 12
Райымбек көшесі, № 17

17

Тегістік селолық округі

Тегістік ауылы, мәдениет үйінің алаңында орналасқан тақта

Биеке көшесі, № 13

18

Текес селолық округі

Текес ауылы Қ.Шорманов атындағы орта мектебінің алды. Жаңа Текес мектебінің алды.

Дембаев көшесі № 16

19

Тұйық поселкелік округі

Тұйық ауылы, Бекмолдаев 17 көшесіндегі тақтаға ілінеді.

Бекмолдаев көшесі № 17

20

Ұзақ селолық округі

Ұзақ селосы, Сарыбастау көшесі мен Бидайбек көшесінің қилысындағы тақта және Сарыбастау көшесі мен Мақатаев көшесінің қилысындағы тақтада ілінеді.

Сарбастау мен Бидайбеков көшесі № 3
Мақатаев көшесі № 13

21

Ұзынбұлақ селолық округі

Ұзынбұлақ селосы, орналасқан әкімшілік ғимаратының алды, орналасқан мәдениет үйінің алды;
Ақсай ауылы, нде орналасқан «Айгерім» дүкенімен ФАП- тың алды. /келісіммен/
Жалаулы ауылы, бойындағы байланыс үйі
«Нұрбақ» дүкенінің алды. /келісіммен/

М.Қылышбаев көшесі К.Әнәпияұлы көшесі
Ә.Сұлтанқұлов көшесі № н/ж
М.Лебаев көшесі № 11
Жетен батыр көшесі № 15

22

Шәлкөде селолық округі

Шәлкөде ауылы, Мәдениет үйінің алды.
Талас ауылы, Ш.Уалиханов орта мектебінің алды.

Жамбаев көшесі № 34
Бартаев көшесі № 18

23

Шырғанақ селолық округі

Шырғанақ ауылы, емхана, май зауыты. «Маржан», «Ардилия», «Тоғжан» дүкендерінің алды. /келісіммен/
Көкпияз ауылы, Сүт қабылдау пунктерінің алды, емхана алды.
Кіші Қарқара ауылы, ФАП, «Ақбота», «Маржан» дүкендерінің алды. /келісіммен/
Талды ауылы, пошта байланыс торабының, «Шырын», дүкендерінің алды. /келісіммен/
Кеңсу ауылы, Сүт қабылдау пункті, мектеп ғимаратының алды

Сегізбайұлы көшесі № 18.
Даурен № 1
Ақбаев № 8
Күрішбек № 9, Сегізбаев № 7
Әлмеке № 3
Кеңсу ауылы, Сүт қабылдау пункті, мектеп ғимаратының алды

      Аудан әкімі аппаратының
      жетекшісінің міндетін
      уақытша атқарушы                        Қ.Сәулеев

Райымбек ауданы Әкімдігінің
2 наурыз 2011 жылғы
«Кандидаттарға
сайлаушылармен кездесу
үшін шарттық негізде
жиналыс өткізетін орындар
белгілеу туралы» № 61
қаулысына 2 қосымша

Райымбек ауданы бойынша аудандағы селолық,
поселкелік округтарында кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін шарттық негізде жиналыс өткізетін орындары

Райымбек ауданы мен селолық, поселкелік округтар

Жиналыс өтетін орын

Көше атауы

1.

Алғабас селолық округі

Мәдениет үйінің залы

Ботыбаев көшесі,
№ 3 үй

2.

Бөлексаз селолық округі

Бөлексаз орта мектебі

Күлшашаров көшесі,
№ 10 үй

3.

Жалаңаш селолық округі

Жалаңаш селосы, орталық мәдениет үйінің залы.
Тоғызбұлақ ауылы Байғабылов атындағы орта ектебі.
Жайдақбұлақ ауылы, Жайдақбұлақ орталау мектебі.

Жүнісов көшесі, № 3 үй
М.Сыбанқұлов көшесі
№ 10 үй,
Ш.Уалиханов көшесі,
№ 1 үй

4.

Жамбыл селолық округі.

Жамбыл ауылы, С.Әшімбаев атындағы орта мектебі,. Қаратоған ауылы, Н.Өмірзақов атындағы орта мектебі.

Сыбанқұлов көшесі,
№ 1 үй
Н.Өмірзақов көшесі,
№ 41 үй

5.

Жылысай селолық округі.

Жылысай ауылы, Жылысай клубы.
Шыбышы ауылы, Бестөбе орта мектебі

О.Сыдықжанұлы көшесі,
№ 5 үй
Батырбеков көшесі,
№ 17 үй

6.

Қайнар селолық округі.

Қайнар селосы, орталық мәдениет үйі.

Омар көшесі, № 13 үй

7.

Қақпақ селолық округі.

Қақпақ селосы, Жәмеңке атындағы орта мектебі.
Көкбел ауылы, Көксай орта мектебі.

Жәмеңке көшесі, № 13 үй
Жамбыл көшесі, № 42 үй

8.

Қарабұлақ селолық округі.

Кіші Жалаңаш ауылы, мәдениет үйінің залы.
Қарабұлақ ауылы, байланыс бөлімшесі.

Матаев көшесі, № 6 үй
Бөлтірік көшесі, № 16 үй

9.

Қарасаз селолық округі.

Қарасаз ауылы, мәдениет үйі, Тұзкөл ауылы, Т.Мұсақұлов атындағы орта мектебі.

Алтынсарин көшесі, № 1 үй
Сұраншы көшесі, № 16 үй

10.

Қарқара селолық округі

Қарқара ауылы, «Тойхана» үйі.
Ереуіл ауылы, Ереуіл бастауыш мектебі. Мыңжылқы ауылы, Мыңжылқы ФАП.

Жандосов көшесі, № 28 үй
Ереуіл көшесі, № 10 үй

11.

Кеген селолық округі.

Кеген селосы, аудандық мәдениет үйі.
Түменбай ауылы, Түменбай бастауыш мектебі, Темірлік ауылы, мешіт үйі.

Б.Атыханұлы көшесі,
№ 37 үй
Түменбай ауылы, бастауыш мектебі үйі.
Темірлік ауылы, мешіт үйі.

12.

Нарынқол селолық округі.

Нарынқол селосы, мәдениет үйі.
Қостөбе ауылы, Қостөбе бастауыш мектебі

Өмірзақов көшесі, № 16 үй
Центральная көшесі
№ 1 үй

13.

Сарыжаз селолық округі.

Сарыжаз ауылы, Сарыжаз мәдениет үйі.
Көмірші ауылы, Көмірші орта мекетебі.
Ақбейіт ауылы,
№ 8 Кәсіптік техникалық лицей.

Әбдіразақ көшесі, № 12 үй
Көмірші ауылы, Көмірші орта мекетебі
Ақбейіт ауылы, № 8 Кәсіптік техникалық лицей.

14.

Саты селолық округі.

Саты ауылы, орталық Қ.Ұлтарақов көшесінің бойындағы мешіт үйінің алдындағы алаң.
Күрметі ауылы, алаң.

Саты ауылы, орталық Қ.Ұлтарақов көшесінің бойындағы мешіт үйінің алдындағы алаң, Күрметі ауылы, алаң.

15.

Сүмбе селолық округі.

Сүмбе ауылы, Абай атындағы орта мектебі.
Қызыл Шекара ауылы, К.Байшығанұлы атындағы орта мектебі.

Бекдайыр көшесі, № 21 үй
Манапбаев көшесі, № 17 үй

16.

Тасашы селолық округі.

Тасашы ауылы, мәдениет үйі, Ақтасты ауылы, клуб.

Райымбек көшесі, № 12 үй
Райымбек көшесі, № 17 үй

17.

Тегістік селолық округі.

Тегістік ауылы, мәдениет үйі.

Биеке көшесі, № 13 үй

18.

Текес селолық округі.

Текес ауылы, Қ.Шорманов атындағы орта мектебі.
Жаңа Текес ауылы, Жаңа Текес орта мектебі.

Дембаев көшесі, № 16 үй
Әуезов көшесі, № 14 үй

19.

Тұйық поселкелкік округі.

Тұйық ауылы, поселкелік әкімшілік мәжіліс залы.

Бекмолдаев көшесі, № 17 үй

20.

Ұзақ селолық округі.

С.Сауранбаев атындағы орта мектебі.

Сарбастау көшесі, № 3 үй

21.

Ұзынбұлақ селолық округі.

Ұзынбұлақ селосы, Ақбастау мәдениет үйі.
Ақсай ауылы, Ақсай орта мектебінің спорт залы.
Жалаулы ауылы, Жалаулы орта мектебінің спорт залы.

Анапияев көшесі № 12 үй
Жандаров көшесі, № 6 үй
Абаев көшесі, № 22 үй
Жетенбатыр көшесі, № 15 үй

22.

Шәлкөде селолық округі.

Шәлкөде ауылы, мәдениет үй.
Талас ауылы, Ш.Уалиханов орта мектебі.

Исабаев көш, № 34
Баратаев көш № 10 үй,

23.

Шырғанақ селолық округі.

Шырғанақ ауылы, І.Жұмағұлов атындағы орта мектеп, селолық әкімшілік мәжіліс залы.
Көкпияз ауылы, Көкпияз бастауыш мектебі.
Кіші Қарқара ауылы, Бескөл орталау мектебі. Талды ауылы, Талды орта мектебі.
Кеңсу ауылы, Кеңсу орта мектебі.

Сегізбайұлы көш, № 13
Рысбекұлы көш, № 17
Ақбаев көш № 4
Рақышұлы көш № 21
Абнбек көш № 5

      Аудан әкімі аппаратының
      жетекшісінің міндетін
      уақытша атқарушы                        Қ.Сәулеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады