"Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 230 Қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 тамызда № 1792 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3-бабындағы 7 тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1741 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 мамырында № 84-85 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесінде:
      11 жолындағы «Қордай-Масаншы-Сортөбе» деген сөздер «Қарасу-Масаншы-Сортөбе» деген сөздермен ауыстырылсын, «65» деген сандар «50,6» деген сандарымен ауыстырылсын;
      12 жолындағы «Қордай - Қарасу өткізу пункті» деген сөздер «Тоғызкент-Үшарал» деген сөздермен ауыстырылсын, «0,6» деген сандары «13» деген сандарымен ауыстырылсын;
      «Барлығы» деген жолындағы «2272,84» деген сандары «2258,84» деген сандарымен ауыстырылсын;
      28, 29, 32 жолдары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.


      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев
 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі Автомобиль
жолдары комитетінің төрағасы
З.С. Сағынов
25.07.2011 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады