Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 шілдедегі N 40/17 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 қыркүйекте N 8-3-123 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 тамыздағы № 28/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 20.08.2018 № 28/6 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары көбейтілсін:

      1 санат - жабық түрдегі жер үсті автотұрақтары, ашық түрдегі автотұрақтар. Ставка 10 есе ұлғайтылады;

      2 санат - басқа мақсаттағы ғимараттарға қосылып салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар. Ставка 9 есе ұлғайтылады;

      3 санат - ғимараттар астында жер асты шығыңқы ірге немесе жер үстіндегі, төменгі қабаттарында, жертөлелерде орналасқан автотұрақтар. Ставка 8 есе ұлғайтылады.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Т. Мухамеджановке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Ф. Валеев

Мәслихат хатшысы

А. Аркатов

КЕЛІСІЛДІ


Теміртау қаласы бойынша салық


басқармасының бастығы


___________ Қ.І. Тоқубаев



      22 шілде 2011 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады