2012 жылы шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы N 10 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 желтоқсанда N 8-14-157 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылы қаңтардан наурызға дейін "Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу заңда белгіленген тәртіпте өткізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Бексұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Нұра ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________ Қ. Жолболдин
      23.11.2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады