Қызылөзек ауылдық округі Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі N 8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2011 жылы 17 қазанда N 10-1-190 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2011 жылғы 24 мамырдағы Қызылорда қаласының әкімі жанындағы ономастикалық комиссия отырысының 2/3 ұйғарымы және Қызылөзек ауылдық округі, Қараөзек ауылы тұрғындарының 2011 жылғы 17 мамырдағы N 1 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Сызбалық картаға байланысты Қызылөзек ауылдық округі, Қараөзек ауылында орналасқан көшелерге: Абай Құнанбаев көшесі, Абылайхан көшесі, Жамбыл Жабаев көшесі, Жаңа арық көшесі, Қорқыт ата көшесі, Сәкен Сейфуллин көшесі, Есентұр Дәуітбаев көшесі, Арғын көшесі атаулары берілсін.
      2. Сызбалық картаға байланысты Қызылөзек ауылдық округі, Қараөзек бекетінде орналасқан бекет пен көшелерге: Қараөзек бекеті, Қараөзек бекеті-1 көшесі, Қараөзек бекеті-2 көшесі атаулары берілсін.
      3. Сызбалық картаға байланысты Қызылөзек ауылдық округі, Айнакөл ауылында орналасқан көшелерге: Айнакөл көшесі, Айнакөл-1 көшесі, Айнакөл-2 көшесі, Айнакөл-3 көшесі, N 4 көшесі, N 5 көшесі атаулары берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қызылөзек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г. Үлментаеваға жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                  Р. Боханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады