Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы "Аудан халқын қоғамдық және әлеуметтік жұмыстармен қамтуды ұйымдастыру шаралары туралы" N 151 қаулысына ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі N 129 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 13 қазанда N 10-3-189 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 наурыздағы N 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012.03.11 N 38 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып, Қызылорда облыстық әділет департаментінің 2011 жылғы 8 тамыздағы N 2-17/3074 санды "Заң бұзушылығын жою туралы" ұсынысына сәйкес Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы "Аудан халқын қоғамдық және әлеуметтік жұмыстармен қамтуды ұйымдастыру шаралары туралы" N 151 қаулысына ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы "Аудан халқын қоғамдық және әлеуметтік жұмыстармен қамтуды ұйымдастыру шаралары туралы" N 151 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 31 қаңтарда N 10-3-176 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2011 жылғы 12 ақпандағы N 13 санында ресми жарияланған) 7-тармағындағы "осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - деген сөз тіркестері "осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - деген сөздермен ауыстырылып, өзгертіліп оқылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Раймбетовке жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі                         Н. Мұсабаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады