Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалану төлем мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 307 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 04 тамызда № 11-2-168 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем есебі әдістемесінің негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Айсабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              О. Сарбөпеев

      Келісілді:
      Ж.Айсабаев
      С.Тұяқов
      «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй
      коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығының міндетін атқарушы
      Р.Жантілеуова
      «Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 307 қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалану  төлем мөлшері(200 пәтерлік тұрғын үйі, орналасқан мекен-жайы: 6 шағынауданы)

      Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалану төлем мөлшерін есептеу үшін келесі көрсеткіштер қажет:
      А – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану төлем мөлшері айына 1 шаршы метр үшін теңгемен;
      Ц – тұрғын үй жалпы көлемінің бір шаршы метр құрылысының (сатып алу) бағасы;
      Т – ғимараттың қызметінің есептік мерзімі, жыл;
      Ап – мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалану төлем мөлшері теңгемен;
      П – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы ауданы, шаршы метр;
      Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалану төлем мөлшері 1 шаршы метрге төмендегідей формула бойынша есептелінеді:
      Ц = 1 572 540 460 теңге (құрылыстың құны) / 19 162 ш.м. (тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы ауданы) = 82 065,57 теңге
      Т = 140 жыл
      А=Ц / Т / 12 ай
      А= 82 065,57/140/12=48,85 теңге
      Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалану төлем мөлшері 1 айға төмендегідей формула бойынша белгіленеді:
      Ап.=А * П
      Мысалы: 1 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы 60,6 шаршы метр.
      Ап.=48,85*60,6=2960,31 теңге 1 айға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады