Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша көшеге атау беру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігі Сайын Шапағатов село әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 43 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Түпқараған аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 шілдеде № 11-6-136 тіркелді.

      Ескерту. орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің 10.11.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2573/XІІ Заңының 14 тармағы, 4) тармақшасына және халық пікіріне сәйкес, Сайын Шапағатов селосы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сайын Шапағатов ауылдық округінің көшесіне Қарайшықов Бердіхан – (Сайын Шапағатов ауылдық округінің 1 - 2, 3 - 4, 5 - 6, 7 - 8, 9 - 10, 11 - 12, 13 - 14, 15 - 16, 17 - 18, 19 - 20, 21 - 22, 23 - 24, 25 - 26, 27 - 28, 29 - 30, 31 - 32, 33 - 34, 35 - 36, 37 - 38, 39 - 40, 41 - 42, 43 - 44, 45 - 46, 47 - 48 жер телімдері) атауы берілсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің 17.04.2018 № 117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Шешімнің орындалуын қамтамасыз ету бас маман А.Утебалиеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Село әкімі

Қ.Дүйшов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады