Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 Шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 05 қаңтарда № 11-6-144 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 08 шілдедегі № 17 шешімімен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 08.07.2015 № 17 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)шешімімен.
       Қазақстан Республикасынның 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасынның 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңын басшылыққа ала отырып,Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. Сайлау учаскелері туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабының талаптары сақтала отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларға хабардар етілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсін.
      4. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі                             С.У.Трумов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Аудандық сайлау комиссияның төрағасы
      А.Ж.Қуанбай
      27 желтоқсан 2011 жыл.
 

Түпқараған ауданы әкімінің
27 желтоқсан 2011 жыл
№ 18 шешіміне қосымша

Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түпқараған ауданы  әкімдігінің 23.02.2015 № 5(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

№ 127 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Бимембет Маяұлы көшесі № 16, Жастар рталығы, телефон/факс: 8 72938 (код) 22500.
      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласының Досан Тәжіұлы, Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы, Қабиболла Сыдиықов, Ибаш Жанболатова, Жазмағанбет Қызылбаев, Тобанияз Әлниязұлы, Бимембет Маяұлы, Нығмет Шымыров, Хиту Бекжанов, Нұрсұлтан Оңғалбаев, Иса Тіленбайұлы, Төлесін Әлиев, Мақаш Бектұрғанов, Сүйінғара Үргенішбайұлы, Абай, Мырзағали Әлібаев, Мұрын Жырау, Есбол Өмірбаев, Жамбыл, Астана, Ұлан Елубаев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 5, 6 кварталдарының үйлері.

№ 128 сайлау учаскесі

      Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Маршал Әбдіхалықов көшесі № 10, «Құлыншақ» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 22496.
      Шекарасы: Форт-Шевченко қаласының Жалау Мыңбаев, Маршал Әбдіхалықов, Шайхы Еркеғұлов, Сатанғұл Тәжиев, Естөре Оразақов, Келімберді Өтебаев, Ермек Даулетова, Дүйіш Тобышбаев, Ораз Бозахаров, Байбоз Қилыбайұлы, Сауытбай Масатов, Тілеумұрат Қожабеков, Мұстахи Бимағанбетов, Икембай Өтепбергенов, Лазер Тумышев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 1, 2, 2а, 3, 4 кварталдарының үйлері.

№ 129 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, 8 Наурыз көшесі №25, «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 24575.
      Шекарасы: Баутин ауылының Қашаған Күржіманұлы, Жәнібек Матаев, 8 Наурыз, Виталий Водовской, Сәттіғұл Жанғабылов, Қалмырза Берішбаев, Захар Дубский, Жаңа құрылыс көшелерінің үйлері.

№ 130 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы көшесі, № 6 үй, «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының № 2 корпусы, телефон/факс: 8 72938 (код) 24821.
      Шекарасы: Баутин ауылының Диханбек Сатимов, Қылыш Нәдірбаев, Құлмырза Саудабаев, Ізтұрған Оразбаев, Абай Қошақбаев көшелерінің үйлері.

№ 131 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы Аташ елді мекені, Әліби Жанкелдин көшесі №27, «Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің «Аташ елді мекені. Аташ кітапханасы» филиалы, телефон/факс: 8 72938 (код) 24971.
      Шекарасы: Баутин ауылы Аташ елді мекенінің Аманкелді Иманов, Мұрат Өскінбаев, Әліби Жанкелдин, Тау, Зауыт, Баялы Ақсамбаев көшелерінің үйлері.

№ 132 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесі № 2, «Қызылөзен мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 23851.
      Шекарасы: Қызылөзен ауылының Сатыбалды Сисенбаев, Ізтұрған Нысанбаев, Дүйсе Бердібеков, Жаңа ауыл, Шамшырақ, Шарай, Жұмаш Сағындықов көшелерінің үйлері; сонымен қатар Қызылөзен ауылы және «Қарағантүбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 133 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева көшесі № 5, «Ақшұқыр мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 23249.
      Шекарасы: Ақшұқыр ауылының Ақжол, Өмірзақ Нұрбаев, Балсұлу Сахиева, Үштерек, Әлқуат Қожабергенов, Сұлтанбай Наубетов, Бекбосын Қадырұлы, Жүсіп Дүйсенбаев, Дүйіш Досаев, Борсақбай Әбілхайыров, Әдек Жанашев, Қартбай Бекжанов, Ұзақбай Есқожаев, Жалау Қазиев, Тәжіғұл Кезбаев, Маңғыбай Түйешиев көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1, 2, 4, 5 кварталдарының үйлері.

№ 134 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі № 81, «№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 31269.
      Шекарасы: Сайын Шапағатов ауылдық округінің Найзабек Есетов, Ақназар Жақауов, Тасқынбай Шахатов, Сәйдім Тумышев, Бисембай Мейров, Алтынмұрат Бекенжанов, Ескі ауыл, Жолыбай Шахшабасов, Мақаш Елубаев, Бердіхан Қарайшықов көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4, 5, 6 кварталдарының үйлері, Сайын Шапағатов ауылдық округінің аумағында және «Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 135 сайлау учаскесі

      Орталығы: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесі № 41, «Таушық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефон/факс: 8 72938 (код) 44232.
      Шекарасы: Таушық ауылының Сисен Әбдірахманов, Ардагерлер, Төлеген Қағазов, Абыл Тілеуұлы, Хамидолла Елмұханбетов, Құлшық Жұбайұлы, Түмен Балтабасұлы көшелерінің үйлері, Нұрбаулы Тұмсық шағын ауданы үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4 кварталдарының үйлері, Таушық ауылының және «Таушық» ауыл шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.

№ 136 сайлау учаскесі

      Орталығы: Баутин ауылы, № 2201«б» әскери бөлімінің қызыл бұрышы, телефон/факс: 8 72938 (код) 24796.
      Шекарасы: Баутин ауылының №2201«б» әскери бөлімі; Форт-Шевченко қаласының № 51809«д» және № 2018 әскери бөлімдері.

№ 153 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қаражанбас вахталық поселкесі, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының мәдени-демалыс орталығының қызыл бұрышы, телефон/факс: 8 7292 (код) 473613.
      Шекарасы: Қаражанбас вахталық поселкесінде орналасқан «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының және өзге де кәсіпорындардың жатақханалары, Солтүстік Бозашыда орналасқан кәсіпорындар жатақханалары.

№ 154 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Балсұлу Сахиева көшесі № 1, «Маршал Әбдіхалықов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 72938 (код) 23245.
      Шекарасы: Ақшұқыр ауылының Баланжан Қожашева, Ғұбайдолла Айдаров, Бүркітбай Сәрсенов, Жаңа Қоныс көшелерінің үйлері, сонымен қатар 3 кварталдың үйлері.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады