Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 528 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 сәуірде № 9-1-165 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабы 3-тармағына және 23-бабы 1-тармағына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі арқылы (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірге кезекті шақыру жөніндегі іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті шақыруды ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен "Жалпыға бірдей міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар" 122005 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарында көзделген қосымша қаражаттың есебінен қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5.Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Жұрқабаевқа жүктелсін.

      Қостанай қаласының әкімі                   Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ М. Жүндібаев

      "Қостанай қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Ө. Өтебасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады