Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2001 жылғы 28 қазандағы № 335 шешімі. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 қарашада № 9-5-132 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 18.06.2018 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алтынсарин ауданы аумағында қызметті жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрайымы В. Максимова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Құлмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Алтынсарин ауданы

      әкімінің орынбасары

      ________ Л. Перова

      "Алтынсарин ауданы

      бойынша салық басқармасы"

      ММ бастығы

      __________ П. Үстенов

  Мәслихаттың
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 335 шешіміне қосымша

Алтынсарин ауданы аумағында қызметті жүзеге асыратын
барлық салық салушылар үшін айына тіркелген
салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы

Айына тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы (боулинг)

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады