2012 жылдың қаңтар-наурызында "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 2 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 желтоқсанда № 9-10-173 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тiркелетін жылы он жеті жасқа толатын, Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге, нарядты білім беру ұйымдарына жеткiзсін;
      2) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялансын.
      3. Селолар, селолық округтер мен ауылдар әкімдері шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың дер кезінде келуін хабарласын және қамтамасыз етсін.
      4. Шешімнің орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қостанай облысы Жітіқара
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ Б. Берекетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады