Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 77 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 мамырда № 9-11-119 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының, 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 1923 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы", Жарлығына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыру немесе босатылу құқықтарынан айырылған, жасы он сегізден жиырма жетіге дейінгі еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ жиырма жетіге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің бекітілген мерзімін өтемеген, оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құралымдарына 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында мерзімді әскери қызметке, шақыруды және жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаментінің Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде жұмыс ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. "Қостанай облысының Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) орындалған жұмыс туралы ақпаратты Қамысты ауданы әкімінің аппаратына 2011 жылғы 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қамысты
      ауданының әкімі                            Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      Қамысты орталық аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынының бас дәрігері
      __________ Жанұзақов М.Г.

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер Министрлігі Қостанай
      облысының ішкі істер Департаменті
      Қамысты ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________ Өмірбаев Р.А.

      "Қостанай облысы Камысты
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________ Абраев М.Д.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады