"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы және аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 145 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 маусымда № 9-12-160 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № 40 қаулысымен (алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының 2-тармағына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5–бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы және аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 254 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-12-144 нөмірі бойынша тіркелген 2010 жылғы 5 тамыздағы "Айна" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулы 1-тармағының 1), 2) тармақшылары келесі редакцияда жазылсын:
      "1) дәнді дақылдар (жазғы бидай, жазғы арпа, сұлы, тары, қарақұмық) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      2) майлы дақылдар 18 мамырдан 30 мамырға дейін;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Хакимжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады