Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 84 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 сәуірде № 9-13-126 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012.04.05 № 106 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5)5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасу ауданында бар болған жұмыс орындардың жалпы санынан     бір пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     

      Аудан әкімі                                       А.Сейфуллин

       КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасу ауданының жұмыспен
       қамту және әлеуметтік
       бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
       мекемесінің бастығы
       ______________ А. Ерменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады