Қарасу ауданында 2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 96 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 мамырда № 9-13-128 тіркелді. Қаулы қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 09-04/568 хаты)

      Ескерту. Қаулы қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012.04.10 № 09-04/568 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды жәрдемдесу жөнiндегі шараларды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Сейфуллин

Әкімдіктің       
2011 жылғы 13 сәуірдегі
№ 96 қаулысына қосымша 

2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесі

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бip жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері.
      12. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      13. Елу жастан үлкен адамдар.
      14. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (он екі және одан астам ай).
      15. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады