Мәслихаттың 2011 жылғы 14 маусымдағы № 344 "Қарасу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 386 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 қазанда № 9-13-134 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 маусымдағы № 02-4-128 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 23.06.2014 № 02-4-128 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Қарасу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 14 маусымдағы № 344  шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-13-131 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 6 шілдедегі "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылы ұсынылсын".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихатының хатшысы:             С.Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасу ауданы әкімдігінің
      кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы:
      _________________ Е.Балжақаев

      "Қарасу ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығының
      міндетін атқарушысы:
      _________________ Е.Биркель

      "Қарасу ауданы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы:
      ______________ И.Горлова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады