Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 209 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 мамырда № 9-14-149 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 747 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 22.12.2015 № 747 қаулысымен (оған қол қойылғаннан кейін күшіне енеді).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2012.05.08 № 284 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындар квотасы:
      1) Қостанай ауданының жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз көлемінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;
      2) интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2012.05.08 № 284 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, квотаға сәйкес жұмыс орындарға орналастыру үшін, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2012.05.08 № 284 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалын бақылау Қостанай ауданы әкімінің орынбасары С. Кульбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады