Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 360 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 мамырда № 9-18-139 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 175 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.02.2018 № 175 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Таран ауданы аумағындағы қызметті жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отыз тоғызыншы,
кезектен тыс
сессиясының төрағасы
Н. Транда

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының

      қаржы Министірлігінің Салық

      комитеті Қостанай облысы

      бойынша Салық департаменті

      Таран ауданы бойынша

      Салық басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің

      бастығы

      _______________ Қ. Алиев

  Мәслихаттың
2011 жылғы 18 сәуірдегі
№ 360 шешіміне қосымша

Таран аумағында қызметті жүзеге асыратын барлық салық салушылар үшін айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/п

Салық салу объектісінің атауы

Айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады