Мәслихаттың 2011 жылғы 30 наурыздағы № 368 "Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 417 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қыркүйекте № 9-19-161 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 77 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 17.04.2013 № 77 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шiлдедегi Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауданның ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 30 наурыздағы № 368 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-19-153 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірде "Нұрлы жол" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауданның ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрiндегі әлеуметтiк қолдау шаралары 2011 жылы ұсынылсын".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      IV шақырылған Ұзынкөл
      аудандық мәслихатының
      кезектен XVIII
      сессиясының төрайымы                       Г. Абильмажинова

      IV шақырылған Ұзынкөл
      аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ

      "Ұзынкөл ауданының
      кәсіпкерлік және ауыл
      шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің
      бастығы
      ____________________ К. Аскаров

      "Ұзынкөл ауданының
      қаржы бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы
      ____________________ Б. Займулдынова

      "Ұзынкөл ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесінің бастығы
      ____________________ Н. Абдрахманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады